Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен күзгі дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жедел штабтың бірінші отырысы өтті. Штаб үздіксіз егін жинау науқанына кедергі келтіретін тактикалық мәселелерді дереу шешу мақсатында құрылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.