Жалпы, рұқсат беру құжаттарының барлық түрлері проактивті форматқа ауыстырылуға тиіс, яғни мерзімдерін ұзартуға азаматтардан өтінім беруді күтпей, оларды ұзарту автоматты режимде ұсынылады. Мысалы, нотариаттық, адвокаттық және жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялар проактивті форматта ұсынылады.