Еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. 26 тамызда 1,5 млн гектарда дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, орташа өнімділігі 17,9 ц/га болатын 2,7 млн тоннаға жуық дәнді дақылдар бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.