Тамыз айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа индексі 0,1%-ға төмендеп, жыл басындағы дефляция деңгейін сақтап қалды. Азық-түлік бағасының жай-күйі мен алдағы күз-қыс маусымына дайындық барысы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен апта сайынғы жиында талқыланды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.