ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңының жобасы қаралды. Жобалар бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.