ҚР Оқу-ағарту министрлігі барлық балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін оқытуға тең қолжетімділік мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Жаңа ережелерге сәйкес білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі іске асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.