Еңбек министрлігі желісі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 50 түрінің 48-і толығымен электрондық форматқа ауыстырылды, ал 31 қызмет бойынша проактивті формат іске асырылады. Проактивті мемлекеттік қызметтерді дамыту – азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылының ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық мемлекеттік басқаруды дамытудағы маңызды кезең. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.