9 қыркүйекте Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді рейтингін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерді, болжам «Тұрақты». Берілген рейтинг ел тәуелсіздігі жылдарындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.