Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар және спорт істері министрлерінің 8-ші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің осы салаға жауапты басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев және Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.