Қазақстан адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көпжақты шарттардың қатысушысы болып табылады, оның 13-і құлдықтың қазіргі заманғы түрлеріне қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты. Бұл туралы ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді.