Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Басты мақсат – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерді іске асыру шеңберінде кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және одан әрі өзара іс-қимыл шараларын қарастыру, деп хабарлайды Primeminister.kz.