Үй алуға кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау аясында жалдау ақысын субсидиялау, тұрғын үй сертификаттарын беру, жеңілдікпен кредит беру және 2% және 5% мөлшерлемесі бойынша жеңілдікпен займдар беру сынды шаралар көзделген. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ брифингінде қолдау түрлеріне тоқталып, оның тиімді тұстарын атап өтті.