Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы қаралып жатыр, онда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз бұрын берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру бөлігінде түзетулер қолдау тапты. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбековтың ОКҚ алаңында жасаған баяндамасында заң жобасы шеңберінде депутаттар азаматтардың сегіз санатына тұрғын үй алуға бірінші кезектегі құқық беруді ұсынғанын айтты.