Қазақстан цифрлық басқару саласында жаһандық аренадағы позицияларын нығайтуда. 2024 жылғы UN E-Government Survey есебіне сәйкес, ел электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орынға көтеріліп, өткен есеппен салыстырғанда өз позициясын 4 сатыға жақсартты, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.