Оның негізгі мақсаты әскери қызмет пен Қарулы күштер туралы ашық, шынайы және өзекті ақпарат беру арқылы азаматтардың Қарулы күштерге деген сенімін арттыру болып табылады.
«Сервисте ақпараттарды жылдам іздеуді және сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз ететін жасанды интеллект бар, бұл халықпен өзара іс-қимыл деңгейін арттырады. Мысалы, ата-ана сервиске кіріп, әскери бөлімді тауып, тәртіпті, орналасқан жерін, командирлер мен офицер-тәрбиешілердің телефон нөмірлерін көре алады», – деді ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Профилактикалық қызметтің бір аспектісі – сарбаздардың аналар комитетімен өзара әрекеттесу. Оның өкілдері әскерге шақырылған сәттен бастап демобилизацияға дейінгі барлық кезеңге белсенді қатысады. Комитет өкілдеріне әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы кезінде барлық әскери бөлімге, сондай-ақ облыстық (аудандық) құрама пунктерге тәулік бойы кіруге рұқсат берілді.
Сонымен қатар әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру жұмыстары жалғасуда. Қорғаныс министрлігінің бастамасымен білім гранттары енгізілді. Грант алмағандар ЖОО-на ҰБТ тапсырусыз ақылы негізде түсе алады. Қызмет барысында мерзімді әскери қызметші мамандық алуға, экономиканың нақты секторында қажетті жұмысшы мамандықтарын игеруге мүмкіндік алады. 2022 - жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін қысқа мерзімді курстар өткізіліп, 1864 әскерге шақырылған азаматқа сертификаттар табысталды.