Елімізге адам папилломасы вирусына қарсы вакцина жеткізілді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында АПВ-ға қарсы вакциналау жұмысы басталып жатыр. Бүгінгі таңда аталған өңірлерде 1600-ден астам қыз бала екпе алды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.