Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті. Елімізге кезекті сапары аясында ХВҚ миссиясы негізгі мемлекеттік органдармен, соның ішінде Парламент, Ұлттық банк, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және басқа да мүдделі тараптармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.