Прокуратура органдары АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізудің заңдылығын жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді, ал ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ өкілдері ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.