Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттерінің ұйымы миссиясы (ТМҰ) қатысуда. Миссия құрамында 11 байқаушы – Хатшылықтың, парламенттердің, ТМҰ мүшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ТМҰ-ға мүше елдердің ғылыми топтарының өкілдері бар.