Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Түркі мемлекеттерінің ұйымы миссиясының мүшелері АЭС салу мәселесі бойынша референдумды байқау жұмысының қорытындысын шығарды. Миссия басшысы, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров атап өткендей, миссия референдумда 24 учаскеде бақылау жүргізді, олар дауыс беруге қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, дауыс берушілердің құқықтары толығымен сақталды.