Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) миссиясының мүшелері референдум дайындау мен өткізу Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылғанын атап өтті. АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чжан Линнің айтуынша, дауыс берудің ашықтығы мен транспаренттілігі қамтамасыз етілді, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық бақылаушылардың пікірін кедергісіз бақылау және баяндау жүзеге асырылды.