7-10 қазан күндері Ашхабад қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мәдениет күндері аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Ашхабад тұрғындары мен қонақтары осы күндері қазақ кинематографиясымен, музыка өнері және ұлттық дәстүрлерімен терең таныса алады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.