«Қамқорлық» оңалту орталығы ол өз жұмысын Жақсы аудандық ауруханасының базасында бастайды. Орталық 1-2 қабатта орналасады және Ақмола облысының жеті ауданынан 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларға жоғары білікті көмек көрсетудің маңызды пунктіне айналады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.