Әйелдердің денсаулығын нығайту және кәсіби тексерулер, босанғанға дейінгі дайындық және контрацепциямен қамтуды ұлғайту үшін «Аналар саулығы» бағдарламасы іске асырылуда. Жүкті әйелдердің денсаулығы мен дені сау балалардың туылуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда алғаш рет пренатальды дайындықты жүргізу бойынша клиникалық хаттама бекітілді, құжатта халықаралық ұсынымдар ескерілді. Прегравидардық даярлықты өткізу сапасын жақсарту мақсатында амбулаториялық қызмет деңгейінде жұмысты үйлестіретін 20 өңірде үйлестірушілер дайындалды. Бұл туралы ОКҚ дөңгелек үстелінде ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлімдеді.