Ерте жастағы балаларды дамыту және күту кезеңдеріне қатысты ата-аналардың хабардарлығын арттыру және практикалық білімдерін арттыру бойынша «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасымен 300 мыңнан астам ата-ананы қамту жоспарда бар. Ол тегін және мессенджерлер, ата-аналарға кеңес беру пунктері және басқа да қол жетімді тәсілдер арқылы таратылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова мәлімдеді