Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді. Бөлімнің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аумағына «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабы, сондай-ақ Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті және «Нұрлы жол» вокзалы сияқты маңызды нысандар кіреді. Өрт сөндірушілер жұмысын бастаған екі ай ішінде 200-ге жуық дабылға жедел шығып үлгерген.