Жаңа тағамдық қоспа өндіріске енді. Мамандандырылған емдік-профилактикалық тамақтану өнімдері спортшылар мен зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арналған. Өнімнің сынақ партиясы жақсы өндірістік тәжірибеге сәйкес салынған шағын зауытта шығарылды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.