Астанада «CONNECTED 2024» халықаралық конференциясы жұмысын бастады. Іс-шараның салтанатты ашылуында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова сөз сөйлеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.