Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі жөнінде жиын өтті. Басқосуға Қорғаныс, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің басшылығы, Бас прокуратура, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен Парламент депутаттары қатысты.