Ел аумағында 12 өңірді қамтитын 14 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. ОКҚ алаңында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков АЭА шеңберінде құны 8 трлн теңгеден астам 372 жоба іске асырылғанын, 27 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылғанын, бюджетке шамамен 521 млрд теңге салық төленгенін, тікелей шетелдік инвестициялар 730 млрд теңгені құрағанын хабарлады. 9,4 трлн теңгеге өнім өндірілді, оның 700 млрд теңгесі экспортқа жіберілді.