Ұлан-Батырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Моңғол Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті. Іс-шара бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылау үшін екі елдің бизнесі мен мемлекеттік құрылымдарының негізгі өкілдерін жинады, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.