ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықты кеңейтуде. Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық пациенттер үшін өмірлік маңызды препараттар мен антиретровирустық вакциналарды сатып алу тізбесі мен көлемін ұлғайту туралы уағдаластыққа ЮНИСЕФ-тің Копенгаген қаласындағы (Дания) сатып алу орталығына бару барысында қол жеткізілді. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Копенгаген қаласында ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 74-ші сессиясына қатысуда.