Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық машина жасауды дамыту мәселелері қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан өндіруші өнеркәсіпті қуып жетіп, өсімін жалғастыруда. Бұл ретте жетекші орындардың бірін машина жасау саласы алады – 20%. Оған 4 мыңға жуық компания жұмылдырылған, 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.