Премьер-министр Олжас Бектенов Жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен – теміржол машинасын жасау саласының әлемдік көшбасшыларымен кездесті. Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша Alstom француз компаниясының президенті Эндрю Делеонимен өндірісті одан әрі локализациялау және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.