ҚР Самбо федерациясы құрылғалы, отандық спортшылар көптеген маңызды шараларға қатысып, ел намысын халықаралық аренада қорғап жатыр. Бүгінде федерацияда 43 мыңға жуық спортшы бар. Самбо күресінен тұңғыш Әлем чемпионаты 1973 жылы Иран астанасы Тегеран қаласында өткен. Сол жылдан бері 46 рет еліміздің жалауы әлемдік ареналарда көтерілген. Қазақстандық спортшылар алдағы Әлем чемпионатында да есе жібермей, боз кілемде барын салып, алтын медальді қоржынға салады деген үміт бар. ҚР Самбо федерациясының Бас хатшысы Ерназар Бексұлтанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.