Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде мүгедектігі бар адамдарды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Министр жыл соңына дейін алты оңалту орталығын, 2025 жылы үш ерте араласу орталығын ашу жоспарланғанын атап өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.