Қазақстанға Шаньдун провинциясының Циндао қаласында орналасқан «Қытай-ШЫҰ» өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағында өтеусіз негізде 250-ден 600 шаршы метрге дейінгі алаң берілетін болды. Аталған келісім Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға жұмыс сапарының нәтижелерінің бірі болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.