Премьер-министр Олжас Бектенов британдық SEFE Marketing&Trading Limited компаниясының активтерді басқару жөніндегі вице-президенті Александр Демидовпен және қазақстандық «SAFC» ЖШС директоры Юрий Киммен кездесу өткізді. Қазақстандағы алғашқы орман климаттық жобасын іске асыру мысалында ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.