Қазір Шымкенттегі 13 елді мекенде мектеп жоқ және 21 мектепте орын тапшылығы бар. Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында қалада 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 3 200 орындық 2 мектеп пайдалануға тапсырылып, 10 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан» 3 мектептің құрылысына 7,9 млрд теңге қаралды. Одан бөлек, инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 2 800 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында осылай деді.