Қазақстан 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Гуанчжоуда өтетін 21-ші Қытай халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесінің құрметті қонағы болды. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын 30-дан астам жетекші кәсіпорын қазақстандық АӨК-тің халықаралық әріптестер мен инвесторлар үшін әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.