Өнеркәсіп кешені Солтүстік Қазақстан облысының ажырамас бөлігі болып табылады. Өнеркәсіптің 80% - дан астам үлесін құрайтын өңдеу өнеркәсібіне ерекше назар аударылады. ОКҚ алаңында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов атап өткендей, өнеркәсіп саласында 511 млрд теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл 5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.