Қазақстанда 6,8 млн бала тұрады. Қазақстан 1994 жылы ратификациялаған Бала құқықтары туралы конвенция саладағы негізгі халықаралық құжат болып табылады. Осы жылдар ішінде Қазақстан тағы 16 халықаралық құжатты, оның ішінде Конвенцияның барлық факультативтік хаттамасын ратификациялады. Бұл мәліметтермен ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бөлісті.