Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту мақсатында биыл 62 мыңнан астам орынға 547 балабақша ашылып, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 91,5%-ды құрады. 2100 мектеп, оның ішінде 1008 ауылдық мектеп жаңғыртылды, биыл бұл жұмыс 1000 мектепте жалғасын табады. 2023 жылы мектептерге 1500-ден астам заманауи пәндік кабинет жеткізілді, биыл қосымша 1300 кабинет жабдықталады. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.