Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс саласындағы негізгі жетістіктер туралы баяндады. Бүгінгі таңда оның үлесі еліміздің жалпы ЖІӨ-нің 5,6%-ын құрайды. Салада 667 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 53 мыңға жуық кәсіпорын қызмет етеді, оның 2 903-і құрылыс материалдарын өндіреді, деп хабарлайды Primeminister.kz.