Алматы облысы экономикасының үштен бір бөлігінен астамын  өнеркәсіп өндірісі мен агроөнеркәсіп кешені құрайды. Көлемі 1,5 трлн теңгеден астам өнеркәсіптік өндірістің шамамен 90%-ы өңдеу секторына жатады. Олардың ішінде көлемнің үштен екісі тамақ өнімдерін, сусындарды  және темекі өнімдерін өндіруге тиесілі. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.