Астана қаласы қарқынды дамып, өсіп келеді. Бұл әлеуметтік инфрақұрылымға, әсіресе, жаңадан салынып жатқан аудандарға айтарлықтай жүктеме түсіреді. Жыл сайын қалада мектеп жасындағы балалардың саны орта есеппен 20 мың адамға артып отыр. Мәселені шешу үшін жыл басынан бері 18 мектеп қолданысқа берілді. Оның 11-і «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынған. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында хабарлады.