Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жүйесі толықтай электрондық форматқа көшірілген. Порталға 24 мың тапсырыс беруші және 117 мың әлеуетті тауар жеткізуші тіркелген. Мемлекеттік сатып алу жоспары 9,3 трлн теңгені құрайды. Бүгінге дейін өткізілген сатып алу көлемі 8,8 трлн теңгеге тең. Бір көзден сатып алу көлемі 23%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.