Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі, бұл төлем өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтарға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған. АӘК аясында шартсыз және шартты негізде берілетін ақшалай төлем тоқсан сайын тағайындалады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, еңбекке жарамды адамы жоқ отбасылар шартсыз көмек алады, төлемнің шартты түрін отбасы құрамында кемінде бір еңбекке жарамды адам болған кезде беріледі.