Ағымдағы жылы АӘК алып отырған 97 мың еңбекке қабілетті адамның 59 мыңға жуығы жұмыс істейді, 32 мың адам күтіммен айналысады, 5,7 мың адам жұмыссыз отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.