Қазақстанда оқытудың ең озық әдістерін енгізуден бастап, заманауи инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ студенттерді жан-жақты қолдау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту әрі реформалау бойынша ауқымды шаралар қабылдануда. Ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Отандық ғалымдардың әзірлемелерін қолдау және коммерцияландыру жөніндегі бағдарламалар енгізілуде.